Viamedis туралы

Viamedis медициналық ұйымы Қазақстан тұрғындарына кең емдеу-профилактикалық және диагностикалық мүмкіндіктер ұсынады. Зертханалық зерттеулердің 1800-ден астам түрі, заманауи технологиялар және соңғы медициналық жабдықтар. Барлық қызметтер бекітілген халыққа ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде тегін қолжетімді.

2020 жылдан бастап «Viamedis» ЖШС Ақмола облысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыс істейді. МЖӘ шартын іске асыру мақсатында «Viamedis» ЖШС Көкшетау және Степногорск қалаларындағы қалалық емханаларға күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізді, Көкшетау қаласында озық медициналық жабдықтармен жарақталған Клиникалық-оңалту орталығын салып, пайдалануға берді. Степногорск қаласы Бестөбе кентінің тұрғындарының өтініші бойынша дәрігерлік амбулатория салып, пайдалануға берді. Қазіргі уақытта «Viamedis» ЖШС-ның Ақмола облысындағы медициналық ұйымдарында 1400 адам жұмыс істейді. Компанияның «Viamedis Academy» ЖМ оқу орталығы бар, онда жыл сайын 150-ден астам дәрігер және 200 медицина қызметкері біліктілігін арттырады. Қазіргі уақытта елдің медициналық ЖОО-ларында «Viamedis» ЖШС гранттары бойынша 10 студент білім алуда.

 

 

logo.png
© 2026. All Rights Reserved.